Үздік қазақстандық ММА шебері анықталды: бұл Шавкат Рахмонов емес

Редактор
28.01.2025, 18:04

Шавкат Рахмонов тізімде екінші сатыда тұр

sportplustv.kz

MMA шеберлерінің рейтингін жасайтын FightMatrix порталы үздік қазақстандық спортшылардың тізімін жасады.

Дереккөз мәліметінше, еліміздің үздік аралас жекпе-жек шебері UFC өкілі Шавкат Рахмонов емес, аса жеңіл салмақта отандық Naiza лигасында өнер көрсететін Бағдат Жұбаныш екен. Шавкат Рахмонов тізімде екінші сатыда тұр. Ал еліміздің атынан үшінші орында аса жеңіл салмақ өкілі, UFC-дің 8-нөмірлі спортшысы Асу Алмабаев келеді.

Сонымен қатар Қазақстаннан мына спортшылар бар: Артем Резников (АСА, жеңіл салмақ), Дияр Нұрғожай (UFC, жартылай ауыр салмақ), Жалғас Жұмағұлов (Oktagon, оған дейін UFC, аса жеңіл салмақ), Әліби Ыдырыс (Naiza, аса жеңіл салмақ), Азат Мақсұм (UFC, аса жеңіл салмақ), Бекзат Алмахан (UFC, жеңіл салмақ) және тағы басқалар.

Бағдат Жұбаныш әуесқой спортта жеңіліс көрмеген, ал кәсіпқой лигада бір рет қазақстандық Қазыбек Сағынға есе жіберген. Ол ММА-ден екі дүркін әлем чемпионы (2018, 2019 жылдар), Азия чемпионы (2019 жыл), Қазақстан чемпионы (2019 жыл). Naiza FC лигасында аса жеңіл салмақта чемпион.

Материалда: