«Асу АҚШ-қа аттанады»: Алмабаевтың командасы ресми мәлімдеме жасады

Редактор
28.01.2025, 21:01

Octagon Алмабаевтың Эрцегпен айқасқа шыға алмайтынын жазған

instagram.com/darteam.kazakhstan

UFC-дегі қазақстандық спортшы Асу Алмабаевтың командасы DAR Pro Team аустралиялық Стив Эрцегке қарсы жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады.

«Командамыздың жауынгері Асу Алмабаев жақын арада АҚШ-қа ұрысқа дайындалу үшін ұшатынын ресми түрде мәлімдейміз. Бізге белгісіз себептермен Эрцегтің өзі жекпе-жекке шықпайтын болды.

Турнирге дейін бір ай болғандықтан, біздің командамыздың жауынгері үшін жаңа қарсылас таңдалады немесе Стив есін жиып, жекпе-жекті қабылдайды», — делінген команданың инстаграмдағы парақшасында.

Бұған дейін Octagon Update-те 1 наурыз күні Алмабаев Эрцегпен айқасқа шыға алмайтынын жазған. Кездесу Лас-Вегаста UFC Fight Night 253 турнирі аясында өтуі керек еді.

Материалда: