«Жатқан диваныңнан тұра алмастай етем»: ресейлік файтер Қуат Хамитовке жауап берді

Редактор
29.12.2023, 09:41

Екі «жауынгер» арасында жекпе-жек 2024 жылы болуы мүмкін

Спорт-Экспресс

Аралас жекпе-жектен ресейлік балуан, Open FC лигасының және «Наше дело» Гран-приінің чемпионы Александр Грозин қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитовтің шақыртуын қабыл алды. Жерлесіміз күні кеше Грозинді әлеуметтік желі арқылы жекпе-жекке шақырған болатын.

Еске салайық, Грозин жуырда ғана қазақ файтері Мұратбек Қасымбайды жеңген. Ал, оның алдында тағы бір жерлесіміз Магомед Кабардиевті таза ұтып, үйіне қайтарған. Бұл Қуат Хамитовтің шамына тиіп кетсе керек, ол өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеме жасап, ресейлік MMA шеберінен қазақтар үшін кек алатынын ашып айтты.

«Александр Грозиннің біздің спортшыларды үнемі жеңе беретіні маған ұнамайды. Сондықтан айтарым, шалға диваннан тұрып, октагонға оралатын кез жетті, бұл кемшілікті түзеуім керек. Александр Грозин, кезек сенде, қабылда менің шақыртуымды», - деді ол өзінің Instagram-парақшасында.

Грозиннің жауабы көп күттірген жоқ. Ол жекпе-жекке шақыртуды қабыл алды.

«Бір шал мені жекпе-жекке шақырып жатыр. Оның аты – Қуат Хамитов. Ол диваннан тұрып, менімен төбелеспекші. Егер көрерменге және лигаға қызық болса, мен оны диванынан қайта тұрмастай етіп жеңемін. Ендеше, Қуат, дайындал, жуырда жолығамыз», - деді Грозин.