Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Қуат Хамитов қазақтар үшін орыс файтерінен кек алмақшы (ВИДЕО)

27.12.2023, 09:28

Ол Александр Грозинді жекпе-жекке шақырды

Қуат Хамитов қазақтар үшін орыс файтерінен кек алмақшы (ВИДЕО)
instagram.com/kuat__khamitov

Атышулы MMA файтері, қазақстандық Қуат Хамитов өз жерлестерінің ресейлік спортшыдан жеңіліп қалғанына наразылық білдірді. Сондықтан ол кек алуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 26 желтоқсанда Мәскеуде өткен аралас жекпе-жек турнирінде Мұратбек Қасымбай РФ өкілі Александр Грозиннен төрешілер шешімімен жеңіліп қалған еді.

Ал, қыркүйек айында дәл сол Грозин басқа қазақстандықты – Магомед Кабардиевті жеңген.

«Александр Грозиннің біздің спортшыларды үнемі жеңе беретіні маған ұнамайды. Сондықтан айтарым, шалға диваннан тұрып, октагонға оралатын кез жетті, бұл кемшілікті түзеуім керек. Александр Грозин, кезек сенде, қабылда менің шақыртуымды», - деді ол өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Александр Грозин Open FC лигасының чемпионы, «Наше дело» Гран-приінің чемпионы.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам