Асу Алмабаев 5 раундтық жекпе-жекке дайындалған жоқ, оған қиын болады – дағыстандық файтер

Редактор
15.02.2025, 12:45

Алмабаев UFC-де 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті

Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев 1 наурызда Лас-Вегаста UFC-дегі кезекті жегін өткізеді. Осы орайда дағыстандық танымал файтер Мухаммад Мокаев Асудың жағдайына алаңдайтынын жасырмады.

Оның пікірінше, АҚШ-қа Таиландтан келген кезде адам ағзасы ұзақ уақыт қалыпқа келе лмайды. Ал, октагонда ауыртпалық тіпті қатты сезіледі екен.

«Мен Асу үшін алаңдап отырмын. Ол бес раундтық жекпе-жекке дайындалған жоқ. Егер қателеспесем, ол – UFC кешінің басты жекпе-жегінде өнер көрсететін алғашқы қазақ. Мен де Таиландтағы оқу-жаттығудан кейін Вегасқа келіп төбелескенмін, ағзаның қалыпқа келуі өте қиын, қатты қиналдым. Ақыры стафилококк анықталды. Сондықтан, Асуға бұл жекпе-жек өте қиын болатынын білем», - деді Мокаев.

Еске салайық, Асу Алмабаев UFC-дегі кезекті жекпе-жегін 1 наурызда Лас-Вегаста португалиялық Манель Капеге қарсы өткізеді.