Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қытай қазағы Нартай Қозыбай ММА турнирінде тарихи жеңіске жетті

22.02.2025, 00:52

Ол чемпиондық белбеуге бір табан жақындады

Фото ашық дереккөзден

Қытайда тұратын этникалық қазақ Нартай Қозыбай (10-0) ММА турнирінде қытайлық Ван Цзи Чженге (20-5) қарсы жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. 

Бес раундқа жоспарланған кездесудің екінші кезеңінде Нартай қылқындыру (кимура) әдісін қолданып, төреші жекпе-декті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша қандасымыз мансабындағы оныншы жеңісіне жетіп, чемпиондық белбеуге бір табан жақындай түсті.

Нартай Қозыбай 2023 жылы мансабындағы ең жылдам жеңісіне қол жеткізген болатын. Ол небәрі бірінші 52 секундта бразилиялық Режиналду Виейраны техникалық нокаутпен ұтты.

Сондай-ақ, 2024 жылы Қытайдың тағы бір танымал JUE CHENG KING атты ережесіз жекпе-жек турнирінде тибеттік танымал файтер Зы Уаңды жеңіп, $140 мың еншілеген.

Айта кетейік, Нартай Қозыбайұлы Қытайдың Іле автономиясы Күнес ауданында дүниеге келген.

Жарнама
Жарнама