Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Салмақ өлшеу рәсімінен сәтсіз өткен Дияр Нұрғожай UFC-ден қуылуы мүмкін

Редактор
15.03.2025, 11:26

Дияр таразыда жартылай ауыр салмақтағы межеден 2,5 келіге ауыр болып шықты

Chris Unger/Getty Images

16 наурызда UFC-дегі дебютін өткізетін қазақстандық Дияр Нұрғожайдың (10-0) салмақ өлшеу рәсімінен соң басы дауға қалды. Себебі Дияр таразыда жартылай ауыр салмақтағы межеден 2,5 келіге ауыр болып шықты. Дегенмен бразилиялық Брендсон Рибейро (16-7-0-1) жекпе-жекті өткізуге келісті. Сөйте тұра Дияр қомақты айыппұл арқалады.

«Вестник ММА» telegram-арнасының мәліметінше, ол тіпті үздік лигадан қуылуы да мүмкін.

«UFC-дегі жаза тура айтатын болсақ, Дияр өз сыйақысының 25 пайызын қарсыласына береді. Бұдан бөлек, ол жеңіліп қалса немесе ойдағыдай өнер көрсете алмаса, онда UFC-дегі келісімшартынан айырылуы мүмкін», - деп жазды автор.

Үміткерлер сериясынан келгендер UFC-дегі алғашқы айқасында әдетте 12 мың доллар алса, жеңіске жеткен жағдайда оларға тағы осынша сыйақы беріледі. 12 мың доллардың 25 пайызы дегеніміз - 3 мың доллар. Яғни Дияр 1,5 млн теңгеден қағылады деген сөз.

Айта кетейік, Диярдың таразыдағы салмағы 95,48 келі болды, ал UFC-дің жартылай ауыр салмақ дивизионындағы лимит 93 келіні құрайды.

Жарнама
Жарнама

Материалда: