Ол екінші раундта қылқындыру әдісіне түсіп қалған
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (10-0) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін жеңіліп қалды. Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 254 турнирінде қазақ файтері бразилиялық Брендсон Рибейромен (16-7) төбелескен болатын.
Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын. Екінші раундта Дияр қылқындыру әдісіне түсіп қалып, берілуге мәжбүр болды. Осылайша ол аралас жекпе-жектің элиталық дивизионындағы дебютін сәтсіз бастады.
Ал бұл – Рибейроның кәсіби мансабындағы – 17, UFC-дегі үшінші (3-1) жеңісі.
Айта кетейік, жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеуде Дияр Нұрғожайдың салмағы қарсыласынан асып кеткендіктен, ол енді гонорарының бір бөлігін қарсыласына берді.