Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Конор Макгрегор саясатқа бет бұрды

21.03.2025, 11:37

Ол өз елінің президенті болып, жаңа Ирландия құруға уәде беріп отыр

Het Financieele Dagblad

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Ирландия президенттігіне үміткер болатынын мәлімдеді. Ол отандастарына алдағы сайлауда өзін қолдауға үндеу жасады. 

«2026 жылдың 12 маусымына дейін Ирландия ЕО-ның көші-қон пактісін толық орындауы тиіс. Бұл мерзімге дейін парламенттің екі палатасы бірқатар заң қабылдап, президент оларды бекітуі керек. Бірақ мен бұған қарсы тұруға дайынмын», - деп жазды Макгрегор әлеуметтік желідегі парақшасына.

Сондай-ақ, ол биыл 11 қарашада өтетін президенттік сайлауға қатысатыны туралы ашық айтты. 

«Мен бұл заң жобасын референдумға шығарар едім. Бұл – халықтың таңдауы. Ирландияның болашағы біздің қолымызда. 

Ирландия, таңдау сенің қолыңда. Мені президент ретінде таңдасаңдар, біз бірге Ирландияны құтқарамыз», - деді Конор.

Конор соңғы рет 2021 жылдың шілдесінде UFC 264 турнирінде америкалық Дастин Порьеге қарсы жекпе-жекте аяғынан ауыр жарақат алып, техникалық нокаутпен жеңілген болатын. Ол кәсіби мәнсабында 22 рет жеңіп, 6 мәрте жеңілген.

Жарнама
Жарнама