Дияр өзінің дебютінде мерзімінен бұрын жеңіліс тапты
ММА шебері, NAIZA және Fight Night белбеуінің иесі қазақстандық Фаниль Рафиков отандасы Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі өнеріне қатысты пікір білдірді.
«UFC-ге барған кез келген спортшының мүмкіндігі бар. Сол секілді Диярдың да лигада жеңісті серияға шығуға екінші мүмкіндігі болады. Бұл лигада жеңіліссіз келе жатқан спортшылардың саны санаулы, сондықтан түсіністік таныту керек», - деді Рафиков.
Естеріңізде болса, Дияр өзінің дебютінде мерзімінен бұрын жеңіліс тапты.