Ал Иэн Гэрри өзінің жатын бөлмесіне Рахмоновты тұншықтырған сәтінен фото іліп қойған еді
UFC-де жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов желіде ирландиялық Иэн Гэрримен бірге түскен фотосуретін жариялады.
Рахмонов өзінің Instagram парақшасында Гэрриге қарсы жеңісті жекпе-жегінің кадры аясында түскен суретін жариялап, қазақстандық танымал орындаушы Скриптониттің «Не расслабляйся» трегін қосқан.
Бұған дейін Иэн Гэрри өзінің жатын бөлмесіне Рахмоновпен жекпе-жегіндегі тұншықтыру әдісін қолданған сәттің фотосуретін іліп қойғанын хабарлаған болатын.
Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жек 2024 жылдың 8 желтоқсанында Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде өтті. Бұл кездесуде қазақстандық спортшы төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.