Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Үкіметке саяси көзқарасым ұнамай, жекпе-жекке шығармай жатыр – Қуат Хамитов

Редактор
04.05.2025, 01:27

Бірақ, ол билік өкілдерінің ішінен нақты кімнен қысым болғанын айтпады

instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық танымал файтер Қуат Хамитов саяси көзқарасы үшін биліктен қысым көріп, жекпе-жекке шыға алмай жатқанын айтты.

Аралас жекпе-жек шебері «Ескі Қазақстаннан» да, «Жаңа Қазақстаннан» теперіш көрдім дегенді айтып отыр.

«Ассалаумағалейкүм, жігіттер! Қуат, келесі жекпе-жегің қашан деген сұрақтарды енді қоймай-ақ қойсаңыздар болады. Өйткені бір емес, екінші жекпе-жегім өтпейін деп отыр. Астанадағы ақпанға жоспарланған жекпе-жегім саяси көзқарасыма байланысты өтпей қалды. Екінші жекпе-жегім бойынша… үкіметке тағы бірдеңем ұнамай қалған. Сондықтан көп жігіт «Қуат хайп үшін істеп жүр, айтқан шындықтарының бәрін өзіне жарнама ретінде жасап жүр» дейді. Жарнама ондай болмайды, жігіттер. Менің бүкіл шындықты айтқан сөздерімнің кесірі бұрыннан, «Ескі Қазақстаннан» бері тиіп, зардабын шегіп келе жатырмын», – дейді Қуат Хамитов.

Осылайша ол «Жаңа Қазақстанның» да бар екеніне күмәнмен қарайтынын жеткізді.

«Міне, 27 мамыр күнгі жекпе-жегім де болмайтын сияқты. Бұл мені сындырмайды. Маған не істесе де, шындықты айтуға және халықпен бірге болуға дайынмын», – дейді спортшы.

Айта кетейік, Қуат Хамитов 2022 жылы «Қаңтар оқиғасында» наразылық білдірушілерге қолдау білдірген болатын. Оның алдында бірқатар антиковидтік шараға қарсы болған. Тіпті «дезинфекциялаушыларды ұруға» шақырғаны үшін алты айға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылды.

Жарнама
Жарнама