Шавкат соңғы рет былтыр желтоқсанда жекпе-жекке шыққан еді
Қазақстандық спорт сарапшысы әрі комментатор Исатай Мәди UFC-де жеңілмеген қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың болашағына қатысты өз пікірімен бөлісті.
— Көп адам байқамайтын шығар, бірақ қазір Шавкат бұрынғыдай жеңіске аш емес. Ол — өзін қамтамасыз етіп үлгерген жігіт, сондықтан болашақта да жылына бір рет қана жекпе-жек өткізетін болады. Егер оның орнында америкалық немесе бразилиялық спортшы болғанда, қазірдің өзінде-ақ үш-төрт рет жекпе-жекке шығар еді, өйткені олар ММА арқылы күн көреді. Бұл спортта тоқ адам жақсы нәтижеге жете алмайды, — деді Исатай Мәди«Azamat Sport» YouTube-арнасында.
Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 8 желтоқсанында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы UFC 310 турнирінде өткізді. Бұл айқаста ол ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің ортақ шешімімен жеңді.