Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Қазақстандықтар енді Белал Мухаммедке жанкүйер болуға мәжбүр

Редактор
09.05.2025, 12:51

Маддалена чемпиондық жекпе-жекке Шавкат Рахмоновтың орнына шығады

Gettysport

11 мамыр күні таңертең өтетін UFC 315 турнирінде қазақстандықтарға Белал Мухаммедке жанкүйер болуға тура келеді.

Айта кетейік, бұл күні жартылай орта салмақта Белал Мухаммед австралиялық Джек Делла Маддаленамен (17-2) айқаста алғаш рет чемпиондық атағын қорғайды.

Егер осы айқаста Джек Делла Маддалена жеңіске жетсе, онда жартылай орта салмақтағы келесі титулдық жекпе-жекке жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачев қатысады.

Бұл ақпаратты Дана Уайттың өзі UFC 315 алдындағы баспасөз конференциясында ресми түрде растады. Оның үстіне Белал мен Махачев арасында жекпе-жек өтпейтіні анық, себебі екеуі өте жақын дос — бұл туралы бұрын Хабиб Нурмагомедов де айтқан.

Айта кетейік, Маддалена чемпиондық жекпе-жекке Шавкат Рахмоновтың орнына шығады, өйткені Шавкатқа жарақатынан кейін қалыпқа келу үшін уақыт қажет болды. Белал мен Маддалена арасындағы жекпе-жек жарияланған соң Шавкаттың өзі жеңімпазбен кездесетінін жазды.

Жарнама
Жарнама

Материалда: