Екеуі де UFC-дегі алғашқы кездесулерінде жеңілген
UFC-дегі дебютін сәтсіз бастаған қазақстандық файтер Дияр Нұрғожайдың (10-1) келесі жекпе-жегіне қатысты анонс жарияланды. Отандасымыз 23 тамызда Шанхайда өтетін UFC Fight Night турнирінде төбелесуі мүмкін.
Диярдың қарсыласы қырғыз файтері Уран Сатыбалдиев (9-1) болады деп күтілуде. Дегенмен, тараптар әлі нақты келісімшартқа қол жеткізген жоқ.
Еске салайық, былтыр DW CS турнирінде жеңіске жеткен Нұрғожайды Дана Уайттың өзі UFC-ге шақыртқан еді. Алайда, қазақ файтері биыл наурызда элиталық дивизиондағы алғашқы жекпе-жегінде Бразилия өкілі Брендсон Рибейродан (17-7) екінші раундта жеңіліп қалды.
UFC-ге жаңа өткен Уран Сатыбалдиев те дебюттік жекпе-жегінде жеңіліс тапты. 5 сәуірде Лас-Вегаста өткен UFC on ESPN 65 турнирінде ол словакиялық файтер Мартин Будайдан (15-2) өте алмады.