Жекпе-жек 21 маусым күні Бакуде алғаш рет өтетін UFC турнирі аясында ұйымдастырылады
Аралас жекпе-жек саласындағы танымал инсайдер, Eurosport Nederland журналисі және Tapology.com редакторы Марсель Дорфф Азат Мақсұм (15-1) мен ресейлік Тагир Уланбеков (16-2) арасындағы жекпе-жекте кімнің фаворит екенін айтты.
«Уланбеков жеңіске басты үміткер саналады, бірақ Азаттан да тосынсый күтуге болады. Ресейлік спортшының күресте артықшылығы бар, дегенмен Мақсұмның да жеңіске жетуге мүмкіндігі мол», - деді маман.
Айта кетейік, бұл жекпе-жек 21 маусым күні Бакуде алғаш рет өтетін UFC турнирі аясында ұйымдастырылады.
Мақсұм UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың ақпан айында өткізген. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night турнирінде ол америкалық Чарльз Джонсоннан төрешілердің ортақ шешімімен жеңіліп қалған болатын.