Усман мен Бакли жекпе-жегінде сенсация тіркелді

Редактор
15.06.2025, 11:01

Дәл осы салмақта қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) өнер көрсетеді

Getty Images

АҚШ-тың Джорджия штатындағы Атланта қаласында UFC on ESPN 69 турнирінің басты жекпе-жегі өтті. Онда нигериялық спортшы Камару Усман (20-4) мен америкалық Хоакин Бакли (21-6) октагонға шықты.

Жартылай орта салмақтағы бұл жекпе-жек бес раундқа жоспарланған еді. Кездесу толық толық бес раундқа созылып, төрешілердің ортақ шешімімен Усманның жеңісімен аяқталды.

Негізі жекпе-жек алдында Бакли фаворит ретінде есептелген. Осылайша, Камару ММА-дегі 21-жеңісіне қол жеткізсе, Бакли мансабында жетінші рет жеңіліс тапты.

Айта кеткен жөн, дәл осы салмақта қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) өнер көрсетеді. «Номад» дивизионның үшінші нөмірі саналады. Ал бүгінгі кездесуге дейін Камару Усман рейтингте бесінші орында болса, Хоакин Бакли жетінші сатыда тұрған.

Судьялардың шешімі:

UFC-дің бұрынғы чемпионы үш жеңілістен кейінгі сәтсіз сериясын тоқтатты және UFC-дің жартылай орта салмағындағы үздік бестік қатарында қалды! Енді оның UFC-дегі көрсеткіші – 16 жеңіс, 3 жеңіліс.

Хоакин Баклидің UFC-дегі нәтижесі – 11 жеңіс, 5 жеңіліс.