«Дайынмын». Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновті күтіп жүргенін айтты

Редактор
21.06.2025, 11:43

Қазақстандық жанкүйерлер Белал Мухаммадтан Шавкат Рахмоновпен кездесу туралы сұрады

©UFC

Қазақстандықтар жартылай орта салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Белал Мухаммадқа Шавкат Рахмоновпен кездесу туралы сауал қойды.

Жанкүйерлер спортшыны Instagram-да шабуылдауды қойып, енді турнир алдында тікелей өзінен сұраған. Белал Мухаммад UFC Fight Night Baku турниріне досы Игнасио Бахамондеске секундант болу үшін барған. Ол бұл кеште Рафаэль Физиевпен жекпе-жекке шығады.

Ал Белал жеңіл салмақ чемпионы Мераб Двалишвилимен бірге жанкүйерлерге арналған баспасөз конференциясына қатысуға келгенде, отандық жанкүйерлер одан: «Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке дайынсың ба?» деп сұрады:

«Иә, әрине. Егер келесі қарсыласым Шавкат болса – ешқандай мәселе жоқ. Шавкаттың жарақатынан толық айығатынына сенемін, ең бастысы осы. Ол бабына енген соң бәрімізбен бірге ТОП-қа қайта оралады. Біздің дивизион – UFC-дегі ең мықты дивизиондардың бірі, бәрі жекпе-жекке дайын. Мен оның қайта оралуын асыға күтемін!» - деді Белал.