Мария Агапова көз арбасу рәсімінде қарсыласының ернінен сүйіп алды

Редактор
21.06.2025, 12:07

28 жастағы Агапова 2021 жылдың қазанынан бері жеңіске жете алмай жүр

sports.kz

Мария Агапова көптен бері көрінбей кетіп еді, бүгін UFC-дегі алғашқы қазақстандық бойжеткен өзінің әлі де спортта жүргенін еске салды. Бірақ көпшілікке түсініксіз болған жайт, Мария көз арбасу рәсімінде қарсыласының ернінен сүйіп алды.

21 маусымда ол Техаста өтетін Bare Knuckle FC 76 турнирінде жекпе-жекке шығады. Қарсыласы — 38 жастағы америкалық Джессика Ай, оның UFC-дегі рекорды — 5 жеңіс, 10 жеңіліс, Bellator-дағы көрсеткіші — 3-0. Соңғы жекпе-жегін 2022 жылғы шілдеде UFC-де өткізіп, төрешілер шешімімен Мэйси Барберге есе жіберген.

28 жастағы Агапова 2021 жылдың қазанынан бері жеңіске жете алмай жүр — сол кезде ол UFC-де колумбиялық Сабина Мазоны жеңген еді. Содан кейін UFC-де үш жеңіліс, грэпплингтен (Karate Combat) бір жеңіліс, бокстан бір жеңіліс пен бір тең нәтиже тіркеген.

Енді ол жалаң жұдырықпен жекпе-жек өткізетін лига - Bare Knuckle Fighting Championship-те дебютін өткізеді.

Материалда: