MMA-ның ардагер файтерін қылмыскерлер өлтіріп кетті

Редактор
16.01.2024, 12:55

Ол өмірінің соңғы кезінде кедей отбасылардың балаларын тегін жаттықтырумен айналысқан

Фото ашық дереккөзден

Бразилиялық ардагер спортшы, аралас жекпе-жек шебері 44 жастағы Диего Браганы Comando Vermelho деп аталатын қылмыстық топ өкілдері айуандықпен өлтіріп кетті деп жазады metaratings.ru.

Бұл туралы спортшының ұлы – RFL файтері Габриель Брага мәлімдеген.

Оның айтуынша, жексенбі күні кешке белгісіз біреулер әкесінің мотоциклін ұрлап кеткен екен. Оны іздеуге фавелдерге барған Диегоны сол жерде қылмыстық топ мүшелері атып тастаған.

Диего Брага Рио-де-Жанейродағы Tropa Thai клубын басқарған. Ол әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын тегін жаттықтырып келген. 

Диего Брага соңғы жекпе-жегін 2019 жылы шілдеде Future FC 7 турнирінде төбелесіп, Джамиль Сильвейра да Консейсауды жеңген болатын.

Материалда: