Ресейлік файтер Магомед Анкалаев бразилиялық қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Редактор
14.01.2024, 11:40

Екі спортшы былтыр да октагонда кездескен

Sportbox

Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Vegas 84 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін ресейлік Магомед Анкалаев (19-1-1) пен бразилиялық Джонни Уокер (21-8) кездесіп, кездесу ауыр нокаутпен аяқталды.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раунда аяқталды. Анкалаев ауыр соққысымен қарсыласын ұрып құлатып, артынша екінші соққы бергенде, төреші кездесуді дереу тоқтатуға мәжбүр болды.

Ресейлік файтер осылайша 19-жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ол бір рет жеңіліп, бір рет тең ойнаған. Ал, оның қарсыласы 8-ші рет жеңілді.

Айта кету керек, екі спортшы бұған дейін де төбелескен. Былтыр 21 қазанда Абу-Дабиде өткен турнирде Анкалаев Уокерге қарсы рұқсат етілмеген әдіс қолданып, жекпе-жек тоқтатылған еді. Оның нәтижесі есепке алынбады.