Илия Топурия бразилиялық әйгілі файтерді бірінші раундта ұрып құлатты (ВИДЕО)

Редактор
29.06.2025, 10:53

Ол осымен екінші салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанып отыр

Getty Images

Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 317 турнирінің басты жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды. Жеңіл салмақтағы чемпиондық титулға испан файтері Илия Топурия (17-0) мен тәжірибелі бразилиялық Чарльз Оливейра (35-11) таласқан болатын.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі бірінші раундта аяқталды. Топурия раунд ортасында қарсыласын ауыр соққымен құлатып, жерде жатқан кезінде тағы бір соққы беріп үлгерді. Төреші жекпе-жекті дереу тоқтатып, Оливейраға дәрігер көмекке келді.

Айта кету керек, Илия Топурия бұған дейін жартылай жеңіл салмақта әлем чемпионы болған. Енді ол жаңа салмақты да бағындырып отыр. Ал, бразилиялық файтер осымен 11-рет жеңілді.