Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Асу Алмабаевтың қарсыласының артықшылығы аталды

Редактор
20.07.2025, 21:46

Қазақ жауынгері өзбек файтерімен жекпе-жекке шығуы тиіс болған

Jeff Bottari/Zuffa LLC

Аралас жекпе-жек саласындағы танымал инсайдер, Eurosport Nederland журналисі әрі Tapology.com сайтының редакторы Марсель Дорфф Sports.kz порталына берген сұхбатында қазақстандық Асу Алмабаевпен (21-3) кездесетін перулік Хосе Очоаның (8-1) мықты тұстары қайсы екенін атап өтті.

«Очоаның соққылары өте мықты. Сондай-ақ, оның кардио жаттығуын да ерекше атап өту керек. Одан қалды, ол партерде де тәп-тәуір жұмыс істейді. Сондықтан бұл өте тартысты жекпе-жек болады деп ойлаймын», - деді сарапшы.

Еске сала кетейік, Асу Алмабаев 26 шілдеде Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде Хосе Очоамен кездеседі. Бұған дейін Алмабаев өзбекстандық Рамазан Темировпен жекпе-жек өткізуі тиіс болатын, алайда қарсыласы турнирге екі апта қалғанда жекпе-жектен бас тартты.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: