Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Чимаев UFC тарихындағы үздік спортшыларды атады

Редактор
14.08.2025, 08:20

Екінші дивизионды бағындырмақ

Фото Getty Images

UFC-де орта салмақта өнер көрсететін шешенстандық Хамзат Чимаев (14-0) әлемнің үздік промоушенінің тарихындағы ең мықты бес спортшыны атады.

31 жастағы файтердің пікірінше, бұл тізімде болуға ауыр салмақта аты аңызға айналған америкалық Джон Джонс (28-1-0), Канаданың бұрынғы чемпионы Жорж Сен-Пьер (26-2-0), карьерасын жеңіліссіз аяқтаған Хабиб Нурмагомедов (29-0), 2000-жылдардың басында жұлдыз болған америкалық Би Джей Пенн (16-14-2), сондай-ақ қазіргі спортшылар арасынан дағыстандық Ислам Махачев (27-1) лайық. Чимаевтың айтуынша, Махачев өз салмағында үстемдігін әлдеқашан дәлелдеп, енді екінші дивизионды бағындырмақ.

Айта кетейік, Хамзат Чимаев соңғы рет октагонға өткен жылдың 26 қазанында UFC 308 турнирінде (Абу-Даби) шықты. Ол орта салмақтағы бұрынғы чемпион Роберт Уиттакермен (27-9) кездесіп, бірінші раундта жеңіске жеткен.

Ал 17 тамызда Чимаев орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Оңтүстік Африкадан шыққан чемпион Дрикус Дю Плесимен (23-2) айқасады. Бұл жекпе-жек АҚШ-тың Чикаго қаласында өтетін UFC 319 турнирінде ұйымдастырылады.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: