Чимаев бұған дейін де Қадыровтан бірнеше мәрте люкс-класс көліктерін сыйға алған
Чечен Республикасы басшысы Рамзан Қадыров Грозный әуежайында орта салмақтағы UFC чемпионы Хамзат Чимаевты қарсы алды.
Чикагода өткен UFC 319 турниріндегі жеңісі үшін Қадыров спортшыға Maybach маркалы көлікті тарту етті.
«Мен Хамзат Чимаевтың жеңісіне жүз пайыз сенімді болдым. Ешқандай күмәнім болған жоқ», – деді Рамзан Қадыров.
Айта кетейік, Чимаев бұған дейін де Рамзан Қадыровтан бірнеше мәрте люкс-класс көліктерін сыйға алған. Мәселен, 2023 жылы Абу-Дабиде өткен UFC турниріндегі жеңісінен кейін оған Mercedes-Benz G-Class автокөлігі табысталған еді.
Еске сала кетейік, Чикагодағы UFC 319 турнирінде 31 жастағы Чимаев өзінің кәсіби мансабындағы 15-ші жекпе-жегінде оңтүстік африкалық Дрикус дю Плессиді жеңді. Осы жеңістің арқасында жеңіліссіз келе жатқан спортшы UFC-дің салмақ дәрежесіне тәуелсіз (P4P) рейтингінде 14-орыннан 4-орынға көтерілді.