Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Азат Мақсұмның UFC-дегі тағдыры не болмақ?

Редактор
24.08.2025, 16:11

Келісімшарт ұзара ма, жоқ па – ол жағы белгісіз.

ФОТО: UFC

Бакуде өткен UFC Fight Night турнирінде Тагир Уланбековке есе жіберген Азат Мақсұм көп ұзамай тағы да октагонға оралмақ.

Қазан айында Абу-Дабиде өтетін UFC 321 турнирінде ол жаңа қарсыласпен шығады. Қазақ жанкүйерлері Мақсұмның жеңілісін мойындағанымен, қатарынан екі мәрте сүрінген спортшының алдағы тағдырына алаңдаулы.Бұл мәселеге қатысты ММА және грэпплингтен әлем чемпионы Айдар Махметов пікір білдірді.

«Азат Уланбековпен айқаста өзін мықты көрсетті. Кейде жеңілістің өзі жеңістен артық болуы мүмкін. UFC-де матчмейкерлер үшінші жекпе-жекке де жеткізбей спортшыны шығарып жібереді. Ал Азат, керісінше, өз әлеуетін дәлелдей алды. Қазір оның көрсеткіші – екі жеңіс, бір жеңіліс. Келісімшарт ұзара ма, жоқ па – ол жағы белгісіз. Бірақ алдағы айқаста сенім ұялататындай өнер көрсетуі керек», – деді ол.

Келесі қарсылас – АҚШ өкілі Митч Рапозо. Ол да Азат секілді екі жекпе-жекте жеңілген. Сондықтан Абу-Дабидегі айқас екеуі үшін де тағдыршешті болмақ.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама