Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы кім?

Редактор
24.08.2025, 11:41

Бұған дейін Алмабаев пен Эрцег арасындағы жекпе-жек жоспарланған еді

UFC

ММА саласындағы танымал инсайдер, Eurosport Nederland журналисі әрі Tapology.com сайтының редакторы Марсель Дорфф Sports.kz басылымына қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (22-3) ықтимал қарсыласы жөнінде пікір білдірді.

«Қазір нақты айту қиын. Дегенмен, Алмабаевқа австралиялық Стив Эрцегпен жекпе-жекті қайта ұйымдастыруға болады деп ойлаймын», — деді сарапшы.

Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы кездесуін шілде айының соңында Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде өткізіп, перулық Хосе Очоаны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алмабаев пен Эрцег арасындағы жекпе-жек жоспарланған еді. Алайда австралиялық файтер қазақстандықпен кездесу орнына мексикалық Брэндан Мореномен күш сынасуды таңдаған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: