Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Жалғас Жұмағұлов екі рет жеңілген қазақстандық файтерге кеңес берді

Редактор
25.08.2025, 10:32

28 жастағы Дияр Нұрғожай UFC-де екінші рет қатарынан жеңіліс тапты

Коллаж 1bol.kz

Танымал қазақстандық ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов Қытайда өткен UFC турнирінде Дияр Нұрғожайдың мерзімінен бұрын жеңілісіне пікір білдірді.

– Дияр Нұрғожай UFC-де қатарынан екінші рет бірінші раундта жеңілді. Енді ол ұйымнан шығарылуы мүмкін. Осы жағдайға байланысты не айтар едіңіз? Мүмкін, Диярға қандай да бір кеңес берерсіз? 

– Шынымды айтсам, Дияр жайлы не деуге болатынын білмеймін. Екі рет мерзімінен бұрын ұтылды. Бірақ ол әлі жас, алда өсуге мүмкіндігі бар. Меніңше, жаттығу лагерін ауыстырып, жекпе-жектерге психологиялық тұрғыдан да мықты дайындалуы қажет, –  деді Жалғас Жұмағұлов.

Айта кетейік, 28 жастағы Дияр Нұрғожай UFC-де екі рет өнер көрсетіп, екеуінде де сабмишнмен жеңілген. Ол бұл ұйымға Dana White’s Contender Series жобасында жеңіске жеткеннен кейін қабылданған болатын.

 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама