Оның стилі тым қолайлы
UFC-дің ресейлік аңызы Хабиб Нурмагомедов жартылай орта салмақта досы әрі жерлесі Ислам Махачевке кімдер лайықты қарсылас болуы мүмкін екенін айтты.
15 қараша күні Ислам Махачев АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін UFC 322 турнирінде осы дивизиондағы чемпиондық белбеу үшін австралиялық Джек Делла Маддаленамен жекпе-жекке шығады.
«77 келіде Шавкат Рахмонов – қауіптенетін қарсылас. Шавкат пен Белал Мухаммадты бөле-жара айтар едім. Ал Иэн Гэрриді аса қаһарлы қарсылас деп есептемеймін. Белалмен жекпе-жекке мен қарсы болдым. Шавкат жекпе-жектері арқылы 77 келідегі нағыз қауіп екенін дәлелдеді. Шон Брэди? Жоқ. Оның стилі тым қолайлы. Ислам оны соққыда да, күресте де алып қояды. Сондықтан басты қарсыластар – Шавкат, Белал және Маддалена», – деді Хабиб Камил Гаджиевке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Ислам Махачев ММА-де 28 жекпе-жек өткізіп, соның 27-сінде жеңіске жеткен. Ал Джек Делла Маддалена 20 айқастың 18-інде үздік шыққан.