Ал Бекзат Алмахан испандық Александр Топуриямен күш сынасады
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев америкалық Алекс Перезге қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы UFC ұйымының ресми баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу 22 қараша күні Катарда өтетін алғашқы UFC турнирі аясында ұйымдастырылады. Сондай-ақ осы кеште тағы бір қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан испандық Александр Топуриямен күш сынасады.
Аталған жекпе-жек туралы алғашқы ақпарат тамыз айының соңында тараған болатын, алайда ұйым бұл жаңалықты ресми түрде тек кеше растады.
Кештің басты кездесуінде армян текті америкалық Арман Царукян мен Жаңа Зеландия өкілі Дэн Хукер октагонға шығады. Ал ко-мейн ивентте Белал Мухаммад пен ирландиялық Иэн Мачадо Гэрри кездеседі.
31 жастағы Асу Алмабаевтың соңғы жекпе-жегі биыл шілде айында өтті. Ол кезде қазақстандық спортшы перулік Хосе Очоаны төрешілердің бірауыз шешімімен жеңген еді.
Қазіргі таңда Алмабаевтың кәсіби көрсеткіші — 25 жекпе-жекте 22 жеңіс. Оның ішінде UFC-де 5 жеңіс және 1 жеңіліс бар. Асу Алмабаев қазақстандық ММА-ның ең үміт күттірер өкілдерінің бірі саналады.