Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

UFC жұлдызы Конор Макгрегор 2026 жылға дейін октагонға шықпайды

Редактор
08.10.2025, 16:30

Макгрегор 2024 жылы 12 ай ішінде үш рет биологиялық сынама тапсыру тәртібін бұзған

Reuters

UFC ұйымының бұрынғы қос чемпионы Конор Макгрегор антидопинг ережелерін бұзғаны үшін 18 айға жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы АҚШ-тың Антидопинг агенттігі (USADA) ресми хабарлады.

Агенттік мәліметінше, Макгрегор 2024 жылы 12 ай ішінде үш рет биологиялық сынама тапсыру тәртібін бұзған. UFC спортшылары өзінің орналасқан жері туралы нақты ақпарат беруге және кез келген уақытта, ескертусіз тест тапсыруға міндетті.

Ирландиялық спортшының сынамадан бас тартқан күндері 13 маусым, 19 және 20 қыркүйек 2024 жыл болып тіркелген. Бұл жағдай USADA тарапынан допинг-бақылаудан жалтару ретінде бағаланған. Әдетте мұндай ережебұзушылық үшін екі жылдық дисквалификация қарастырылғанымен, Конор Макгрегор кінәсін мойындап, тергеу барысында толық ынтымақтастық танытқаны үшін жаза мерзімі 18 айға дейін қысқартылды.

Дисквалификация мерзімі 2024 жылдың 20 қыркүйегінен бастап есептеледі және 2026 жылдың 20 наурызында аяқталады. USADA ережесіне сәйкес, үш рет сынама тапсырудан бас тарту допинг қолданумен тең деп саналады. Бұл шешім Макгрегордың мансабына елеулі әсер етті, себебі ол соңғы рет 2021 жылы Дастин Порьеге қарсы жекпе-жек өткізіп, ауыр жарақат алғаннан кейін ұзақ уақыт бойы октагоннан тыс қалған болатын. Сарапшылардың пікірінше, бұл дисквалификация ирландиялық спортшының мансабындағы ең ұзақ үзіліске айналуы мүмкін.

 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: