Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Қарапайым бірде-бір сұраққа жауап бере алмаған Қуат Хамитов сынға ұшырады

Редактор
29.10.2025, 15:08

«Септік деген не ол?» деп нақтылады

Фото: instagram.com/kuat__khamitov/

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов септік жалғаудың не екенін білмей ұятқа қалды.

Танымал спортшы «Жұлдызбысың» бағдарламасына қатысып, септіктің не екенін білмейтінін байқатты.

Жүргізуші Қайрат Әділгерей Қуаттан «Қазақ тілінде неше септік бар?» деген сұрақ қойып еді. Спортшы:

«Септік деген не ол?» деп нақтылады. Жүргізуші септік түрлерін атап бастағанда да, ол тізімді жалғап кете алған жоқ. 

Сонан соң Астанадағы ең биік ғимарат жайлы сұраққа да дұрыс жауап бере алмай, «Керуен» деді. Одан бөлек теңгенің айналымға енген уақытын да, «Гамлеттің» авторын да атай алмады. 

Осыдан соң аралас жекпе-жек шебері көпшіліктің сынына ұшырады.

Желі оқырмандары «Футболды жамандау оңай ғой», «Масқара, ұят қылған екен», «Мынауың септікті білмегені ме» деп сынаған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Материалда: