Жарнама
Жарнама

Дамир Ысмағұлов жаңа лигадағы дебютін нокаутпен бастады

Редактор
01.11.2025, 10:25

Кездесу небәрі бірінші раундта аяқталды

© Mike Roach / Contributor / UFC / Gettyimages.ru

Қазақстандық файтер Дамир Ысмағұлов Karate Combat промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Ол АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында өткен Karate Combat 57 турнирінде америкалық Тайлер Хиллге қарсы шықты. Кездесу небәрі бірінші раундта нокаутпен Ысмағұловтың пайдасына аяқталды.

Айта кетсек, Дамир Ысмағұловтың ММА-дегі рекорды - 27 жеңіс және 3 жеңіліс. Ресейдің Орынбор облысының тумасы 2018-2023 жылдар аралығында UFC ұйымында өнер көрсетіп, бес рет жеңіп, екі рет жеңілген.

Karate Combat - 2018 жылы БАӘ-нің Дубай қаласында құрылған лига. Мұнда жекпе-жектер толықконтактілі карате ережелерімен өтеді, алайда күрес элементтеріне, буын және тұншықтыру тәсілдеріне, сондай-ақ шынтақпен соққы жасауға тыйым салынған.

Реклама
Реклама

Материалда: