Жарнама
Жарнама

Қуат Хамитовтің танымал ММА-лигадағы жекпе-жегі өтпейтін болды

Редактор
11.11.2025, 00:09

Егер келіспесең, басқа қарсылас іздейміз

Фото: instagram.com/kuat__khamitov/

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов АСА ұйымының турнирінде ресейлік Алексей Махномен жекпе-жек өткізбейтін болды. Бұл туралы «Наш боец» порталы мәлімдеді.

«Қуатқа қатысты әңгіме былай: ол Махноны айқасқа шақырды, бірақ келісімшарттар бойынша ортақ шешімге келе алмадық. Кейін ол жекпе-жекке дайын екенін, бірақ тек ақпанда өтетін мерейтойлық турнирге қатысуға дайын екенін жеткізді. Біз оған: «Бізде Махно бар, нақты күні де белгілі, сондықтан не келісетініңді, не бас тартатыныңды айт. Егер келіспесең, басқа қарсылас іздейміз», - деп жауап бердік. Біз оған жаңа та ұсыныс жасадық, ол қарсыластардың тізімін де біледі», - деді АСА ұйымының вице-президенті Асланбек Бадаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қуат Хамитов ресейлік танымал АСА ММА лигасында дебютін сәтті өткізіп, ACA 194 турнирінде төрешілер шешімімен ресейлік Анатолий Бойконы (12-5) жеңген еді.

Сол жекпе-жектен кейін Хамитов октагонның ішінде тұрып-ақ Алексей Махноға ресми түрде жекпе-жекке шақыру тастаған болатын.
Сонымен қатар Хамитов тағы бір аралас жекпе-жек өкілі қазақстандық Еркебұлан Тоқтармее бокс ережесі бойынша кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама