Жарнама
Жарнама

Роналду, Маск, Безос және Трамп: Ақ үйде әлемдік элита бас қосты

Редактор
19.11.2025, 10:21

Роналду Трамптың отбасымен жеке танысқан

әлеуметтік желі

АҚШ астанасында әлемдік саясат, бизнес және спорт жұлдыздары алғаш рет бір үстелде бас қосты. Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның ресми сапарына орай Ақ үйде өткен салтанатты кешке жаһанның ең ықпалды тұлғалары қатысты.

Салтанатты кештің ең көп талқыланған қонақтарының бірі – Португалия құрамасы мен «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду. Ол АҚШ президенті Дональд Трамп пен Сауд Арабиясының тақ мұрагерінің келіссөздерінен кейін өткен бейресми шарада арнайы шақырылған меймандар қатарында болды.

ESPN мәліметінше, Роналду Трамптың отбасымен жеке танысқан. Президенттің айтуынша, футболшыға ерекше тәнті 19 жастағы Бэррон Трамп жұлдызбен кездескеніне қатты қуаныпты.

Трамптың әзіл аралас сөзі кеш қонақтарының назарын аудартты:

«Бэррон мен Криштиану танысты. Қазір ол әкесін бұрынғыдан да қатты құрметтейтін шығар, өйткені мен оларды жүздестірдім», – деді АҚШ президенті.

Ақ үйдегі кешке жұлдыздар мен топ-бизнес өкілдері жиналды. Құрметті меймандар қатарында: ФИФА президенті Джанни Инфантино, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос, Tesla және SpaceX жетекшісі Илон Маск, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Қаржы министрі Скотт Бессент, Пентагон басшысы Пит Хегсет бар.

Бұл кездесу – халықаралық саясат, экономика және спорт саласының алыптарын бір үстелге тоғыстырған тарихи сәт.

Реклама
Реклама