Махмудов іріктеу кезеңдерінде Тунис, Египет және Катар балуандарын қапы қалдырды
Қырғыздың танымал балуаны Ақжол Махмұдов Ислам ойындарында 77 келіде топ жарды. Грек-рим күресінің балуаны иеленген жүлде Қырғызстан спортшыларының Эр-Риадтағы иеленген алғашқы алтын медальі болып отыр.
Махмудов іріктеу кезеңдерінде Тунис, Египет және Катар балуандарын қапы қалдырды. Ал финалда Иран балуанын жеңіп, чемпион атанды. Осылайша көрші елдің спортшысы Ислам ойындарында екінші рет үздік шығып отыр. Ол 2021 жылы Түркияның Конья қаласында өткен Ислам ойындарында 77 келіде чемпион болған.
Ислам ойындарында қырғыздың Асан Жанышев пен Раззақ Бейшекеев сынды қос балуаны қола жүлдеге иелік етті.
Ақжол Махмудов өткен жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болған. Ол Франциясы астанасындағы жарыстан кейін ірі жарысқа алғаш рет шығып отыр. Айта кететін жайт, қырғыздың танымал спортшы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері. әлемнің екі және Азияның үш дүркін чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы.