Грек-рим күресінен ел чемпионатында жүлдегер атанған балуандар белгілі болды

Редактор
02.02.2024, 23:33

Жарыс 5 ақпанға дейін жалғасады

gurk.kz

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан ел чемпионатының екінші жарыс күнінде грек-рим күресінің палуандары 5 салмақ дәрежесінде белдесті. Бүгін олимпиадалық салмақ дәрежелерінде үздіктер анықталды.

Бұл сында елімізге белгілі балуандар Алмас Кебіспаев пен Мейрамбек Айнағұлов қола жүлдегер атанды. 60 келіде әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Айдос Сұлтанғали мен Азия ойындарының күміс жүлдегері Мейіржан Шермағанбет (67 келі), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадраев (77 келі) топ жарды. 

60 кг

1.Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы) 

2.Ғалым Қабдунасаров (Жетісу облысы) 

3.Дастан Зарлыханов (Ақмола облысы) 

3.Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы?

67 кг

1.Мейіржан Шермағанбетов(Шымкент қаласы) 

2.Дінмұхаммед Қошқар (Жамбыл облысы) 

3.Алмат Аманбек (Алматы облысы) 

3.Алмат Кебіспаев (Қарағанды облысы)

77 кг

1.Демеу Жадыраев (Алматы облысы) 

2.Тамерлан Шадукаев (Қостанай облысы) 

3.Ибрагим Магомедов(Қарағанды облысы) 

3.Әбдіәзім Қарабаев(Шымкент қаласы)

87 кг

1.Азамат Құстыбаев(Астана қаласы) 

2.Мақсат Сайлау (Астана қаласы) 

3.Тамерлан Тұрдыақын (Шымкент қаласы) 

3.Диас Қален (Жетісу облысы)

130 кг

1.Әлімхан Сыздықов(Шымкент қаласы) 

2.Салауат Ахметқали (ШҚО) 

3.Джохар Узаров (Шымкент қаласы) 

3.Мансур Шадукаев (Қостанай облысы).