Күрес түрлерінен әйелдер арасында ел чемпиондары белгілі болды

Редактор
03.02.2024, 21:46

Апалы-сіңлі Бақбергеновалардың бірі - алтын, екіншісі күміс медаль алды

Анық Көкенайұлының Facebook-парақшасынан

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан ел чемпионатында әйелдер арасында үздіктер анықталды. Барлық салмақ дәрежесі бойынша өткен сында жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының балуандары көш бастады. Екінші орынға Астана қаласы тұрақтаса, үздік үштікті Түркістан облысының бұрымды балуандары түйіндеді.

Әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова 76 келіде ел чемпионы атанды. Ол финалда Рио олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықовадан басым түсті. Айта кететін жайт, Бақбергенова былтыр Қытайда өткен Азия ойындарында күміс жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ, оның егізі Мәдина Бақбергенова 68 келіде финалда Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері, легионер Елена Шалыгинаға есе жіберді.

Жалпы салмақ дәрежелері бойынша нәтиже төмендегідей:

50 кг.

1. Лаура Ганиқызы (Алматы)

2. Ирина Жәнібекова (ҚРҒ)

3. Светлана Анкичева (Астана)

3. Кәмила Апекова (Павлодар)

53 кг.

1. Жұлдыз Ешімова (Астана)

2. Аяжан Марқашева (Түрк.обл)

3. Марина Седнева (Алм обл)

3. Мәдина Жеңісқызы (Алматы)

55 кг.

1. Зульфия Яхьярова (ҚРҒ)

2. Алиана Махамбетова (ҚРҒ)

3. Айнұр Әшімова (Алм обл)

3. Ғазиза Рысалды (Алматы)

57 кг.

1. Эмма Тисина (Астана)

2. Алтын Шағаева (Алм обл)

3. Лаура Әлмағанбетова (Қостанай)

3. Шұғыла Өмірбек (Түрк обл)

59 кг.

1. Диана Каюмова (Астана)

2. Гүлдана Бекеш (ҚРҒ)

3. Екатерина Бельченко (СҚО)

3. Мәдина Аман (Түрк обл)

62 кг.

1. Ирина Кузнецова (Ақм обл)

2. Жаңыл Бекен (Алматы)

3. Ая Шөкенова (Жетісу)

3. Тыныс Дүбек (Алм обл)

65 кг.

1. Ирина Казюлина (Абай)

2. Виктория Хусаинова (Ақм обл)

3. Гаухар Муқатай (Алматы)

3. Гүлдана Өсербай (Түрк обл)

68 кг.

1. Елена Шалыгина (Шымкент)

2. Мадина Бақбергенова (Астана)

3. Бейбіт Сейдуалы (Шымкент)

3. Альбина Қайыргелдинова (Ақм обл)

72 кг.

1. Анастасия Панасович (БҚО)

2. Меруерт Иманбекова (Алматы)

3. Мейрамгүл Мақсот (БҚО)

3. Шамшиябану Тастанбек (Түрк обл)

76 кг.

1. Жәмила Бақбергенова (Астана)

2. Эльмира Сыздықова (ҚРҒ)

3. Гүлмарал Еркебаева (Астана)

3. Алина Ертөстік (Алматы)

Бұған дейін чемпионаттың алғашқы екі күнінде грек-рим күресінен Қазақстан үздіктерінің есімі белгілі болған еді. Оның ішінде әлем чемпионатының жүлдегерлері Айдос Сұлтанғали (60 кг), Мейіржан Шермағанбет (67 кг) және Демеу Жадыраев (77 кг) алтын медальға ие болған.

Айта кететін жайт, бұл сында былтыр Сербияда өткен әлем чемпионатында Олимпиада жолдамасын иегенген еркін күрес балуаны Азамат Дәулетбеков (86 кг) пен грек-рим күресінің өкілі Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг) күрескен жоқ.