Даңқты Тедди Ринер Алматыда қар астындағы бассейнде шомылды (ВИДЕО)

Редактор
03.02.2024, 22:39

Ертең ол Париждегі Гранд Слэм турнирінде қазақ балуанымен күреседі

IJF

Дзюдодан Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы француз Тедди Риннер жуырда ғана Алматыда болып, екі апталық оқу-жаттығу жиындарына қатысқан болатын. Осы сапары барысында спортшы Алатау бөктерінде қар астындағы бассейнге шомылып, қызықты демалысынан түсірілген видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Жаттығу соңындағы демалыс екенін атаған дзюдошы бұл сәттің ерекше болғанын көңіл-күйімен білдірді. Онң жанында өзінің командалас достары болған.

Екі жыл қатарынан қаңтар айында Алматыда жаттыққан дзюдошы өзі үшін бұл сапардың маңызды болғанын айтқан еді. Қаңтардың соңында Парижге аттанған Ринер ертең Гранд Слэм бәсекесінде сынға түседі. Ол алғашқы кездесуін тараздық дзюдошы Ғалымжан Қырықбайға қарсы өткізетіні белгілі.

Тедди Ринер 4 рет Олимпиада ойындарына қатысып, 5 рет Олимпиада жүлдесін иеленген. Мәселен, Бейжің және Токио олимпиадасында аса ауыр салмақта қола медаль иеленсе, Лондон мен Риода алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, Токиода командалық сында Олимпиада чемпионы атанған. Бұдан бөлек, франциялық спортшы оннан астам рет әлем чемпионы болды. Еуропа біріншілігін 4 рет ұтқан ол дзюдо тарихында ең көп медаль иеленген спортшының бірі.

Материалда: