Жарнама
Жарнама

Елдос Сметов жұбайына 15 млн теңге тұратын жол талғамайтын көлік сыйлады

Редактор
02.12.2025, 14:40

Бұл автомобильдің Қазақстандағы бағасы комплектациясына қарай 12,2 миллионнан 15,3 миллион теңгеге дейін жетеді

Скриншоты: видео instagram.com/yeldos60kg/

Танымал спортшы, дзюдодан Олимпиада және әлем чемпионы Елдос Сметов жұбайы Балаусаның туған күніне қымбат көлік тарту етті.

Спортшы Instagram-желісінде жариялаған видеоларда оның жұбайына жаңа темір тұлпардың кілтін табыстаған сәті көрсетілген. Кадрларда отшашулар да көрініп, сыйлықтың ерекше дайындалғаны байқалады.

Елдос Сметов әйеліне Hyundai Mufasa маркалы жол талғамайтын көлік сыйлаған. Бұл автомобильдің Қазақстандағы бағасы комплектациясына қарай 12,2 миллионнан 15,3 миллион теңгеге дейін жетеді.

Видеода чемпион жұбайын сыртқа ертіп шығып:

«Көшеге шығайық, бір нәрсе дайындап қойдық», - деп, жаңа көлікке алып келгені көрінеді.

Айта кетейік, Елдос Сметов – Қазақстан тарихында дзюдодан Олимпиадада алтын алған алғашқы спортшы. Ол Париж олимпиадасында (2024) 60 келі салмақта татами иесін жеңіп, чемпион атанған болатын.

Жарыстан кейін спортшы біраз уақыт демалыс алып, тіл үйренумен айналысты, кейін ота жасатты. Жақында Сметов 2026 жылдың басында татамиге қайта оралатынын мәлімдеді.

Елдос пен Балауса бүгінде бес баланы – үш қыз бен екі ұлды тәрбиелеп отыр.

Реклама
Реклама

Материалда: