Жарнама
Жарнама

Абылайхан Жұбаназар Абу-Даби Гранд Слэмінен кейін жанкүйерлеріне уәде берді

Редактор
Бүгін, 10:51

81 келіде күресетін балуан мықты болып оралу үшін барын салатынын айтты

ҰОК

Абу-Дабуде өткен Гранд Слэм турнирінің фавориттерінің қатарына енген қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар турнирден кейін қандай қадамдарға баратыны туралы айтты.

Қызылордалық дзюдошы жыл соңындағы маңызды турнирлердің бірінде алғашқы айналымда жеңілген еді. Осылайша жарысты жүлдесіз аяқтаған 81 келіде күресетін балуан мықты болып оралу үшін барын салатынын атады.

«Мықты болып ораламыз», - деп жазды балуан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Балуан 28-30 қараша күндері БАӘ-де өткен сынның алғашқы айналымында грузиялық Димитри Гочилаидзеден айласын асыра алмады. Осылайша кезекті жарыстан жүлдесіз қайтуға мәжбүр болды.

Абылайхан Жұбаназар 2025 жылы Ташкент және Астанада өткен Гранд Слэм турнирлерінде қола жүлдеге ие болған. Ол 2024 жылы Париж Олимпиадасына қатысқан еді. Өз мансабында 6 мәрте Гранд Слэм бәсекелерінде жүлдегер атанған спортшы ұлттық құрамада өз салмағында №1 балуан саналады.

Реклама
Реклама