Жарнама
Жарнама

«Еркін күреспен қоштасты»: Әлішер Ерғали ел чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Редактор
03.12.2025, 14:50

Әзірге ол неліктен еркін күрестен ауысқанына түсіктеме бермеді

ҰОК

Еркін күрестен екі Олимпиадаға қатысқан Әлішер Ерғали басқа спортқа ауысып, ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Грек-рим күресінен 130 келіде сынға түскен ол белгілі спортшы Асхат Ділмұхамедовтің қол астында жаттыққан. Алғашқы дебютінде финалға дейін жеткен спортшы Әлімхан Сыздықовты ірі есеппен жеңді. Ал финалда шымкенттік Джохар Узаровқа жол беріп, ел біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді.

Айта кететін жайт, алда Әлішер Ерғали классикалық күрестен көптеген жарыстарда ел атынан сынға түсуі мүмкін. Әзірге ол неліктен еркін күрестен ауысқанына түсіктеме бермеді.

ҚР чемпионатында 55 келіде финалда күресуге тиіс болған Қызылорда облысының балуаны Алпамыс Дастанбек жүлдесіз қалды. Сыр бойының спортшысы кеше финал алдында таңғы салмақ өлшеу рәсіміне келмей, жауапты шараға салғырттық танытқаны үшін жазаланды.

77 келіде белгілі балуандар Қаһарман Қисыметов күміс жүлдеге қол жеткізсе, қостанайлық Тамерлан Шадукаев қола медальға ие болды. Сондай-ақ, бұған дейін 97 келіде күрескен Олжас Сырлыбай 130 келіде қола жүлдегер атанды.

Реклама
Реклама