Жарнама
Жарнама

Қазақ баласы жастар арасында таеквондодан әлем чемпионы атанды

Редактор
03.12.2025, 21:08

Финалда Оңтүстік Кореядан келген спортшы Ян Чжунёнмен кездесті

ҰОК

Қазақ баласы Бейбарыс Қаблан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлде жеңіп алды.

Финалдық белдесуде Бейбарыс Қаблан таэквондо отаны саналатын Оңтүстік Кореядан келген спортшы Ян Чжунёнмен кездесті. Қазақстандық таэквондошы шешуші жекпе-жекті сенімді өткізіп, қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.

Айта кетерлігі, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысуда.

Реклама
Реклама