Үшінші дзюдошымыз өзбекстандық басқа балуаннан жеңілді
Дзюдодан Париж Гранд Слэміне қатысқан Қазақстан спортшылары жарыстың екінші күнінде тағы жүлдесіз қалды. Бүгін күрескен Қазақстан балуандары арасында тек 73 келіде Данияр Шамшаев қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған болатын.
Ол үшінші орын үшін өзбек дзюдошысы Шахрам Ахадовпен күресіп, голден скорда ескертумен (шидо) ұтылды. Осылайша Шамшаев турнирді бесінші орынмен аяқтап, 260 ұпай еншіледі.
Дәл осы салмақта жарыстың екінші күнінде татамиге шыққан Асқар Нарқұлов алғашқы кездесуінде бос болды. Ал екінші айналымда кипрлық Андрей Киприаноспен белдесіп, жеңіске жетті. Алайда, үшінші айналымда Шамшаевты жеңген өзбек балуаны Шахрам Ахадовтан өте алмады.
Сондай-ақ, 81 келіде ел намысын қорғайтын Руслан Мұсаев бірінші кездесуінде өзбекстандық Мұса Собировке есе жіберді. Бұл салмақта күрескен тағы бір отандасымыз Абылайхан Жұбаназар жарысты 7-орынмен аяқтады. Ширек финалға дейін үш белдесуде жеңіске жеткен ол жартылай финалға жолдама беретін белдесуде бельгиялық Маттиас Кассеге жол берді. Ал жұбаныш белдесуінде молдовалық Михаил Латисевтен айналасын асыра алмады.