Қазақстан таеквондошылары халықаралық турнирден жеті жүлде иеленді

Редактор
05.02.2024, 12:16

Олардың қатарында Жансель Дениз бар

olympic.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан G2 санатындағы халықаралық жарыс мәресіне жетті. Отандық таеквондошылар аталған жарысты табысты аяқтап отыр.

Olympic.kz сайтының жазуынша, дүбірлі додада үш спортшымыз финалға шығып, күміс жүлдегер атанды. Оның ішінде Аманбол Бегімбетов (63 келі), Ясмина Нарбаева (62 келі) және Жансель Дениз (73 келі) сынды атлеттер бар.

Ал Батырхан Төлеуғали (80 келі), Бексұлтан Мұсахан (68 келі), Ерасыл Орынбасар (74 келі), Нұрлан Мырзабаевтар (87 келі) жартылай финалда есе жіберіп, қола медальға ие болды.