Ол 2025 жылы Будапеште өткен әлем чемпионатында 48 келіде күміс жүлдегер атанды
Атырауда спорт және туризм саласының үздіктері марапатталып, дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абиба Әбужақынова «Жыл үздігі – 2025» атанды.
Жыл қорытындысы бойынша әлем және Азия деңгейіндегі жарыстарда жоғары нәтижеге көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды. Олардың қатарына дзюдодан ұлттық құраманың үздігі Абиба Әбужақынова еніп отыр.
Жергілікті спортшыларды марапаттау рәсімінде өңір әкімі даңқты дзюдошыға 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы табыстаған. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігі мәлімдеді.
Айта кететін жайт, Абиба Әбужақынова 2025 жылы Будапеште өткен әлем чемпионатында 48 келіде күміс жүлдегер атанды. Спортшы биыл Астана және Душанбе Гранд Слэм турнирлерінде күміс жүлдеге ие болған. Ол қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 48 келі бойынша көш бастап тұр.