Жарнама
Жарнама

Тағы да №1: Olimpbet – қазақстандық спорттың негізгі инвесторы

Редактор
26.12.2025, 15:57

Бұл – Olimpbet-тің елдің спорт индустриясындағы негізгі инвестор ретіндегі үшінші марапаты

Olimpbet Arena

Цифрлық сервистер, сенімділік және елдің спорт индустриясын қолдау – Olimpbet пайдаланушылар мен сала мамандарының сенімін айқындайтын марапаттарға ие болды.

2025 жылға арналған «Қазақстандағы жылдың таңдауы» ұлттық сыйлығының қорытындысы бойынша Olimpbet:

  • Қазақстандағы №1 онлайн-букмекер;
  • Қазақстандағы спортқа инвестиция салушы №1 компания
    деп танылды.

Бұл – Olimpbet-тің елдің спорт индустриясындағы негізгі инвестор ретіндегі үшінші марапаты. Компания бұл атаққа қазақстандық федерациялар, клубтар, промоушендер мен спортшыларды жүйелі түрде қолдауының арқасында ие болып отыр. Ал онлайн санаттағы жеңісті қатарынан екінші жыл иеленуі Olimpbet цифрлық сервистерінің сенімділігі мен қолайлылығын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Салтанатты рәсім қорытындысын пікірлей отырып, Olimpbet-тің даму жөніндегі директоры Абзал Калиев былай деді:

«Бұл мойындау үшін сыйлық сарапшылары мен біздің клиенттерімізге үлкен алғыс айтамыз! Компания ретінде біз спорттың – елдің дамуы, мінезі мен болашағы екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан қазақстандық спорт индустриясына инвестиция салуды жүйелі түрде жалғастыра береміз.

Сондай-ақ Olimpbet командасына ерекше алғыс білдіремін. Олар біздің онлайн өніміміздің ыңғайлы, түсінікті әрі пайдалануға жағымды болуы үшін бар күшін салып келеді. Технология – күнделікті өмірдің бір бөлігі, ал біз үшін компанияның цифрлық сервистері қауіпсіздік, ашықтық және заңдылықтың жоғары стандарттарына сай болуы аса маңызды», – деді Калиев.

***

«Жыл таңдауы» – бизнес саласындағы көшбасшыларды жыл сайын қоғамдық ұйымдар, БАҚ және халықаралық институттардың қолдауымен анықтайтын халықаралық қоғамдық жоба.

Olimpbet – беттинг, спорт және ойын-сауық индустриясындағы жетекші қазақстандық компания, спорттық жобалар мен ұйымдарды тұрақты түрде қолдап келеді.

Реклама
Реклама

Материалда: