Жарнама
Жарнама

Айбек Имашев жаңа қызметке тағайындалды

Редактор
29.12.2025, 11:40

Дзюдошы 2014 жылы Челябинскіде өткен әлем чемпионатына қатысқан

lada.kz

Еліміздің дзюдо федерациясының атқарушы директоры болған Айбек Имашев Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының президенті қызметіне кірісті. Бұл туралы балуан желіде жазба жариялап, өзіне жаңа міндет жүктелгенін жариялады.

«Дзюдо – менің өмірімнің ажырамас бөлігі. Спортшы, бапкер және федерациядағы қызмет жолында жинаған тәжірибемді енді туған өлкемдегі дзюдоның дамуына жұмсауға дайынмын. Федерация бірлігін нығайтып, ортақ мүдде жолында жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу. Бұл жолда бапкерлермен, спортшылармен, федерация мүшелерімен және дзюдо жанашырларымен бірлесе жұмыс істеуге ниеттімін. Бірлік пен жүйелі еңбектің арқасында Маңғыстау дзюдосын жаңа деңгейге көтереміз деп сенемін», - деп жазды Айбек Имашев.

Ол қараша айының ортасында ҚР дзюдо федерациясындағы лауазымын табыстап, алда басқа қызметке баратынын айтқан болатын.

Айбек Имашев 2014 жылы Челябинскіде өткен әлем чемпионатына қатысып, жартылай финалға дейін жетті. Ол қола жүлде үшін күресте жапониялық Наохиса Такатоға жол берді. Дегенмен, Имашев Такатоны иппонға түсіргенімен, төреші оның әдісін ваззари ұпайымен ғана бағалаған еді.

60 келіде күрескен спортшы дзюдодан жастар құрамасында бапкер, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Реклама
Реклама

Материалда: