Жарнама
Жарнама

Тоқсаннан асқан астаналық әже 5 шақырымды аз уақытта жүгіріп өтті

Редактор
29.12.2025, 15:43

Марафонға 700-ден аса тұрғын қатысты

Астана әкімдігі

92 жастағы Астана тұрғыны триатлон саябағында 5 шақырым қашықтықты 45 минутта жүгіріп өтті.

Бұқаралық спорттың арасында танымалдылыққа ие жүгіруден 2025 жылдың қорытынды жүгірісі ұйымдастырылып, оған елорда бойынша 700-ден астам адам қатысқан еді. Бұл сынға жүгіргендердің ең кішісі 8 жаста болса, ең егдесі 92 жастағы қария болды.

«Бүгін менің туған күнім. 92 жасқа толып жатырмын. Осындай айтулы сәтте Астана қаласының жаңажылдық жүгірісіне қатысуға бел байладым. 5 шақырымды 45 минутта жүгірдім. Бұған дейін Almaty және Turkistan marathon-ында 10 шақырым қашықтықты 1 сағат 40 минутта бағындырған едім. Кейінгі жылдары басым солқылдап ауыратындықтан, 88 жасымда скандинавиялық жүріске бет бұрдым. Барлық жастарға көлікпен жүруді азайтып, күнделікті кемінде 5 шақырым жүруге кеңес беремін. Әйтпесе отыра беріп, денсаулықтарыңызды құртасыздар. Спортты көріп қана қоймай, өз іс-әрекеттеріңізбен айналаңызды өзгертуге тырысыңыздар. Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!» - деді 92 жастағы Салиха Зигангерова.

Реклама
Реклама