Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғайды
Қазақстан дзюдошылары 2026 жылды Париждегі дәстүрлі Grand Slam турнирімен бастайды. Бұл ретте Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Франция астанасында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құрамалардың алдын ала тізімін жариялады.
Белгілі болған дерек бойынша, аталған тізімге Қазақстан құрамасының сегіз спортшы еніп отыр. Олардың арасында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жоқ.
48 кг: Әбиба Әбужақынова
60 кг: Шерзод Давлатов
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
81 кг: Абылайхан Жұбаназар
90 кг: Айдар Арапов
100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров.
Париждегі Grand Slam турнирі ақпан айының 7-8 күндері аралығында өтеді.